Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

“Қазселденқорғау” мемлекеттік мекемесінің төрағасы Кәрім Көкірекбаев “аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды” деген ақпарат таратты 27 желтоқсанда қазақстандық басылымдар. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (антикор) “Қазселденқорғау” басшысының ұсталғанын растады” деп хабарлады inbusiness.kz сайты. Ақпаратқа қарағанда, Көкірекбаев, 800 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікке ілінген. Көкірекбаевты нақты қай уақытта, қандай жағдайда ұсталғаны белгісіз. Көкірекбаев бұрын Жамбыл облысының әкімі, ал 2018 жылы Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметтерін атқарған.