«Яндекс.Таксиге» қатысты бір айыптау ісі тоқтатылып, екіншісі сотта қаралып жатыр

«Яндекс.Таксиге» қатысты бір айыптау ісі тоқтатылып, екіншісі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлім етті. «Бірінші тергеу шарасы компанияның қызметін асыра пайдалануына байланысты, яғни клиенттерге қызметті жөн-жосықсыз ұсынуға байланысты қозғалды. Екінші тергеу амалы бағаны қолдан көтеру фактісі бойынша жүріп жатыр. Алғашқы факт бойынша тергеу шарасы тоқтатылды. Ал, бағаны көтеру бойынша сот процесі жалғасып жатыр»,- деді Болат Сәмбетов.