Демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын барлық әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына рұқсат берілді. Оларға келушілер мен қызметкерлердің «жасыл мәртебесі» болған жағдайда сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жобасына қатысатындар — сағат 02.00-ге дейін қызмет көрсететін болды. Бұл туралы Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Жарылқасынұлы хабарлады.