Елімізде тұмауға қарсы вакцина салу басталды

Денсаулық сақтау министрлігі халықты тұмауға қарсы вакциналау үшін 2,5 миллион доза вакцина сатып алды. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік “Гриппол+” препараты салынады. Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады. Тұмауға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, медицина ұйымында диспансерлік есепте тұрған балаларға, балалар үйлерінің, сәби үйлерінің балаларына, қарттар үйлерінің контингентіне, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдарғе тегін салынады. Айта кетейік, міндетті вакциналау тізіміне кірмейтін вакцина құны – 2000 теңгеге жуық.