Жанат Самат Қазақстандағы кәдеге жарату төлеміне жауапты “Жасыл Даму” АҚ басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі өкілі экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің бұйрығы бойынша “Жасыл Даму” АҚ басқарма төрағасы болып Жанат Самат тағайындалғанын мәлімдеді. Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген.