Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. “Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын”, – делінген хабарламада. Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.