Осындай масканы ойлап тапқан Киото префектура университетінің ғалымдары түйеқұстар ағзадағы бөгде заттарды бейтараптандыратын бірнеше түрлі антидене шығаруға қабілетті екенін анықтаған. Содан ғалымдар былтыр ақпанда құсқа коронавирустың белсенді емес, қауіпсіз түрін енгізіп, түйеқұс жұмыртқаларынан антиденелер алған. Оларды флуоресцентті бояғышқа қосып, маска сүзгісіне өңделген. Цукамото осы маска көмегімен өзі COVID-19 жұқтырғанын анықтаған. Тестілеу кезінде оның қорғаныс маскасы ультракүлгін сәуледе жарқыраған екен.