«ҚазМұнайГаз» оңтүстіктегі бензин тапшылығына қатысты пікірін білдірді

Қазір барлық үш мұнай өңдеу зауыты қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Шымкент мұнай өңдеу зауыты тәулігіне шамамен 6 мың тонна бензин өндіріп шығарады. Бұл көлемнің шамамен 2 мың тоннасы Түркістан облысына жөнелтіледі. Зауыттан бензин уақтылы жіберілуде. Осылайша, Шымкент өңдеу зауыты тарапынан өңірде бензин тапшылығын тудыратындай еш негіз жоқ. Бензин тапшылығы Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеумен байланысты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі зауыттағы жөндеу жұмыстары биыл қазан айында аяқталды,- деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» өкілдері.