Жарылыстан зардап шеккендер саны 66-ға жетті. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. ” Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам түсті. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алған, екеуі ауыр жарақаттанған”, – делінген әкімдік хабарламасында. Облыс орталығында апат аймағынан көшірілгендерге 400-ден аса орын дайындалған. Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.