Тараз маңында жарылған қоймаларға оқ-дәрі Арыстан жеткізілгені мәлім болды

Тараз маңында жарылған қоймаларға оқ-дәрі Арыстан жеткізілгені мәлім болды. Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында шыққан өрт сол жерде сақталған тротил жануынан туындауы мүмкін, – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің өкілдері. “Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін бұл қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі жеткізілген. Олар жергілікті жарылыстарға арналған және алыс қашықтықтағы снарядтармен жабдықталмаған”, – делінген ведомство хабарламасында.