Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Jas Otan қатарына қоғамға пайдасын тигізуге дайын жастарды тарту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы қалаларда бос жүрген жастармен нақты жұмыс жүргізуді мықтап қолға алуды тапсырды. Оның пікірінше, “Jas Otan” қатарына жастар арасында сенімге ие, қоғамға пайдалы іспен айналысуға дайын лидерлерді тарту қажет. “Мемлекет жастарды жұмыспен қамту, білім және оқыту саласында бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырады. Алайда, әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, жастардың көбі олардан мүлде бейхабар. Мұндай жағдайды дереу өзгерту керек”, – деді президент.