Біртановтың қылмыстық ісінде жаңа 8 том пайда болды

Фото: Tengrinews

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қылмыстық ісінде жаңа сегіз том пайда болды. Бірақ айыпталушының өзі және оның қорғаушылары бұл материалдармен танысып үлгірмеген. Бұл туралы соттың алдын ала тыңдауы барысында белгілі болды. Сондай-ақ отырыста экс-министр Елжан Біртанов істі басқа тергеу органына тапсыруды сұрады. Ол тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жүргізуін талап етті. Бұған дейін қылмыстық іс бойынша тергеуді Прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген.