Ержан Сәрсенбай Қазақстандағы утильалым операторы – “Жасыл даму” компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Сәрсенбай 2001 жылдың қарашасынан 2006 жылдың шілдесіне дейін Қаржы министрлігінде жетекші маманнан бөлім бастығына дейін қызмет атқарған. Айта кетейік, бұған дейін “Жасыл даму” басшысы болған Жанат Самат басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен.