Бірде-бір әлеуметтік желі бұғатталмайды

Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Данияр Қадыров осылай деп мәлімдеді. Ең бастысы, Қазақстан заңдары бұзылмау керек. Вице-министр қазір ведомство осы мәселе бойынша Facebook, Instagram, TikTok, VKontakte сияқты ірі халықаралық әлеуметтік желілермен жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Ірі халықаралық интернет-ресурстарда баланы кибербуллингтен қорғау керек деген түсінік бар. Соны қадағалайтын олардың арнайы қауіпсіздік қызметтері де бар.