Енді бұл автобус сатып алу үшін өңірлерге несие беру бағдарламасы болады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов осылай деп мәлімдеді. Вице-министр Қазақстанда жеңілдетілген автонесие берудің екі бағдарламасы бар екенін еске салды. Тек біреуі қайта форматталады.”Бірінші бағдарлама – Қазақстанның Даму банкі арқылы, екіншісі – Кәсіпкерлікті дамыту қоры, ӨКМ қаржысы есебінен. Дәл қазір ол қайта форматталады, қаражат аймақтарға автобустарды несиелендіруге бағытталды. Ал Қазақстанның Даму банкі аясындағы бағдарлама өзгеріссіз қалды”, – деді вице-министр. Қосымша ақпар, жеңілдетілген автонесиеге бөлінген 100 миллиард теңгенің барлығы игерілген.