Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие алуға өтініштерді қабылдау қашан қайта басталатынына жауап берді,, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Министрдің айтуынша, кезекті автонесие бағдарламасын іске қосу үшін бір айдың ішінде тағы миллиард теңге жинау керек. “Қазір ай сайын миллиард теңге қайтарылады. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Біз бағдарламаны 500-ге жуық көлікке қаражат жеткенде қосамыз. Яғни бес миллиард және одан да көп ақша қажет. Қазір айналымда төрт миллиард бар. Бір айдың ішінде тағы бір миллиард жинаймыз, сосын бағдарламаны онлайн жариялаймыз. Бұл ең ашық тетік”, – деді Марат Қарабаев.