Желіде әлеуметтік араздықты үгіттегендер 5 жылға сотталды. Интернет кеңістігі арқылы ұлттық және әлеуметтік араздықты үгіттегендер заң аясында жазаланды, деп хабарлайды 24kz. Айыпталушы екі азамат осы жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облысын республикадан бөліп шығару туралы референдум өткізуге шақырған. Пиғыл іске аспаса, облысты күштеп басып алу жайында насихат таратқан. Бүгінде күдіктілер кінәсін толық мойындап, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.