Желілерде 15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойылатыны туралы хабарламалар тарап жатыр. Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарламадағы ақпараттың жалған екенін айтты. Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Блокбекеттер қою немесе қаланы жабу жергілікті биліктің жоспарында жоқ.