Бұрынғы министр Біртановтың адвокаты үндеу жасады

Бұрынғы министр Біртановтың адвокаты үндеу жасады. “Елжан Біртанов бүкіл Қазақстандағы әріптестеріне және қоғам қайраткерлеріне, блогерлерге, журналистерге және осы қиын жағдайда оған қолдау білдіргендердің барлығына шын жүректен алғыс айтады. Бұл ол үшін үлкен мәртебе”, – деді адвокат Дмитрий Куряченко. Еске салайық, 3 қарашада қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен ұсталғандығын растаған болатын. Біртанов 7 қарашада үй қамағына алынды.