Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов коронавирус инфекциясынан көз жұмды. “Қайтпас қайсар, патриот жан еді. Бүгін COVID-тен қоғам белсендісі, жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын”, – деп жазды Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісінің орынбасары Нұрлан Жахин.