Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар 850 адамға көбейді, 11 науқас қайтыс болды

Қазақстанда тағы 804 адамға коронавирус жұққаны белгілі болды. Олардың ПТР тесті оң шыққан. Тағы 46 адам коронавирус пневмониясына (ПТР тесті теріс шыққан, клиникалық белгілер бойынша Covid диагнозы қойылғандар) шалдыққан. 11 адам өлімі тіркелген: 6 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.