Заң жобасы мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралды. «Біріншіден, хабарлаушылардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау. Оларға қатысты тәртіптік шара қолдану мәселесі алқа отырысында қаралады. Отырысқа міндетті түрде агенттік өкілі шақырылады. Екіншіден, жемқорлық туралы хабарлаған адам жөніндегі мәлімет құпия сақталады. Ал оны жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу көзделген”, – деп сендірді Ахметжанов.