Бас прокуратура тәртіпсіздіктер туралы жасырын хабарлайтын сайтты іске қосты

Веб-сайт stopterrorism.kz деп аталады деп жазды Gov.kz. Азаматтар бұл сайтқа биыл болған басқыншылық әрекеттер мен жаппай тәртіпсіздік туралы видео, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады. “Қазір прокурорлар дәлелдерді тіркеп, қылмыскерлерді видеолар бойынша анықтап жатыр. Сонымен қатар, азаматтарға 115 call-center-ге берген ақпараты үшін алғыс білдіреміз”, – деді бас прокуратура өкілі.