Премьер-министр Әлихан Смайылов цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында осылай деді. “Егер жаңа жылдан бастап адамдарға рұқсат беру тұралап қалса, өңірлердегі тиісті жауапты тұлғаларды жұмыстан босатуға дейін барамыз. Аталған мемлекеттік қызметті ашық қылып, цифрландырғымыз келеді, ал бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары қазіргі мәліметтерге сәйкес келмейді”,- деді үкімет басшысы.