Мемелекет басшысы қазақ тілін дамыту қорына өз қалтасынан 7 млн теңге аударды

Қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын “Қазақ тілі” қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету. Бұл туралы “Қазақ тілі” қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы хабарлады. Ол президент қабылдауында мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынған еді. Айтуынша, президент ұсынысты қолдаған. “Президент көрсеткен үлгіні ел азаматтары, тіл жанашырлары, кәсіпкерлер кеңінен қолдайды деп сенеміз”, – деп жазды Рауан Кенжеханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында. Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметтен түскен табыс “Қазақ тілі” қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.