Жетісу облысында 4,6 млрд теңге ұрланған, деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі. Антикор 4,6 млрд теңгеден астам сомаға қатысты ұрлықты тергеп жатыр, 23 адам күдікке ілінді. Оның 21-і Талдықорған қаласының білім бөлімінің және №14 орта мектебінің бухгалтерлері. “Күдіктілер 2020-2023 жыллдары іс жүзінде жұмыс істемеген жандардың шоттарына ақша аударып, мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру арқылы 4,6 млрд теңге сомасына ұрлық жасады”, – делінген хабарламада. Сот санкциясымен тоғыз адам қамауға алынып, 31 жылжымайтын мүлік, 14 автокөлік, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат тәркіленді.