Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға елде парламент сайлауы қайта өткеннен кейін кетеді. Бұл туралы 14 қазан күні оның баспасөз хатшысы мәлімдеді. Мәлімдеме президенттің елдің жаңа сайланған премьер-министрі Садыр Жапаровпен кездесуінен кейін жасалды. “Бүгін Сооронбай Жээнбеков Садыр Жапаровпен кездесті. Келіссөз кезінде премьер-министр “президент бүгінгі кештен бастап қызметінен кетуі керек” деді. Президент Жээнбеков мұндай жағдайда кетуге дайын емеспін деп жауап берді” деді президент баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева. Оның сөзінше, Жээнбеков ел заң жолына түскенде немесе парламент сайлауы қайта өтіп, кезектен тыс президент сайлауы жарияланғанда ғана отставкаға кетпекші.