Си Цзиньпин қытайлық сарбаздарды соғысқа дайын болуға шақырды

Қытай әскері соғысқа назар аударып, жоғары дайындықты қамтамасыз етуі керек. Бұл сөздерді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Гуандун провинциясындағы әскери базаға барғанда теңіз жаяу әскерінің корпусына қаратып айтты, – деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек Си Цзиньпин әскерилерден адал, сенімді және мінсіз болуды талап етті.

“Сіздер соғысқа баруға дайын болу үшін ақыл мен күшіңізді жинап, барынша сақ болуыңыз керек”, – деп келтірді төрағаның сөзін телеарна.

Си Цзиньпин теңіз жаяу әскері корпусын қытайлық армияның таңдаулы бөлімшесі деп атап, елдің егемендігін, қауіпсіздігін, территориясы мен мүддесін қорғауға шақырылғанын атап өтті.