Алматы қаласының тергеу соты журналист Михаил Козачковты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тергеу сотының шешімімен Козачков 2023 жылдың 18 ақпанына дейін қамауда отырады. Еске салайық, танымал журналист Михаил Козачков 18 желтоқсанда ұсталған болатын. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.