Ғалым Амангелді Айталы өмірден өтті

Амангелді Айталы 83 жасында өмірден өтті. Амангелді Әбдірахманұлы Айталы – ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Ол ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы Парламент депутаты болған. Бірнеше кітаптың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Тіл жанашыры. «Құрмет» белгісі, «Парасат» ордені, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.