Рудныйда 70-тен астам студент колледж асханасындағы тамақтан уланып қалды

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы студенттердің қазіргі жағдайын айтты. Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жүрек айну сынды белгілерді байқап, жаппай ауруханаға жүгіне бастаған. Алайда 10 студентке медициналық көмек қажет болған. Олар ауруханаға жатқызылды. “Жағдайлары негізінен жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетіп үйіне қайтарды”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.