Алматы-Шамалған-Ұзынағаш жолы жабылады

Бұл Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысына байланысты қабылданған шара. Халық «жоғарғы трасса» деп атап кеткен күре жол бойындағы Қырғауылды мен Райымбек ауылының қилысқан жері қыркүйек айына дейін жабылады. Айта кетейік, тәулігіне іргелес аудандардан Алматыға 20 мың машинаға дейін келеді.