ҚТЖ пойыз билетін онлайн қайтару қызметін іске қосты

Жолаушы билетті пойыздың станциядан аттануына дейін 1 сағаттан аз уақыт қалса және станциядан аттанғаннан кейін 1 сағат өткенге дейін онлайн қайтара алады. Барлық электронды жол жүру құжаты бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын “Жолаушылар тасымалы” енгізді. Орынды қайтару үшін: Қазақстан темір жолы сайтына кіріп, “Наразылық бойынша орынды қайтару” қосымша бетін басып, сайтта қажетті барлық жолды толтыру қажет. Одан кейін орынның қайтарылғаны туралы түбіртекті жүктесеңіз жеткілікті. Толығырақ ақпарат компания сайтындағы “Көмек” – “Орындарды қайтару” бөлімінен алуға болады.