1 қыркүйектен бері 104 оқушыға коронавирус инфекциясы жұққан

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы бері 104 оқушыға коронавирус жұққан: 33 бала кезекші сыныпта оқыған, 71 бала үйден оқып келген. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. 30 қыркүйекте үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты оқушылардың басым бөлігі 1 қыркүйектен бастап қашықтан оқи бастаған. Ресми мәлімет бойынша тек бастауыш сынып оқушылары үшін ғана кезекші сыныптар ұйымдастырылған. Қазір жарты миллионнан астам оқушы (625 мың бала) – офлайн, 2,85 млн оқушы онлайн оқып жатыр.