1000 теңгелік банкноттар табиғи тозу шамасына қарай айналымнан алынады

1000 теңгелік банкноттар табиғи тозу шамасына қарай айналымнан алынады. Ұлттық банк банкнотқа қатысты түсініктеме берді. «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкноттың заңды төлем құралы болып қала береді. «Оны банктік операциялар мен аударымдар бойынша барлық төлемдерде қабылдауға міндетті. Бұл банкнот барлық банкте айырбасталып, еш шектеусіз ұсақтала береді» делінген хабарламада. Егер кәсіпкерлер бұл банкнотты қабылдаудан бас тартса, ӘҚК-ның 206-бабына сәйкес ескерту жасалады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанса – 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Қоса кетсек, аталған банкнот 2013 жылдың соңында 20 млн дана таралыммен айналымға шыққан болатын.