Алматылық медицина қызметкерлері 14 млрд теңге үстемақы алды

Алматылық медицина қызметкерлері 14 млрд теңге үстемақы алды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Инфекциялық стационарларда ковидпен науқастанғандарды емдеуге атсалысқан ақ халаттылар жұмыс істеген сағаттарына қарай ай сайынғы үстемеақыларын алады. Биыл ай сайын 3,5 мыңнан 7,5 мыңға дейін медицина қызметкеріне үстемеақы берілді. КВИ-мен күрес барысында жұмыс орнында дертті жұқтырып алған 1491 медицина қызметкері белгіленген төлемді алды. Бұған қосымша 50 медицина қызметкеріне жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлем берілді.