СҚО-дағы төрт ауыл карантинге жабылды

СҚО-дағы төрт ауыл карантинге жабылды. Онда коронавирус жұқтырғандар саны көбейген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл шаралар облысты коронавирус бойынша “қызыл” аймақтан шығару үшін қабылданғанын айтты. Комитет мәліметінше, Есіл ауданында Явленка, Ясновка, Жұмабаев атындағы ауданда Таман және Успенка ауылдарында шектеу шаралары енгізілді. Ведомство мәліметіне сүйенсек, пандемия басталғалы СҚО-дағы 5 аудандағы 11 елді мекен жабылған.