13 маусымнан бастап карантин шаралары қайта күшейтіледі

Қарағанды облысында 13 маусымнан бастап шектеу шаралары қайта күшейтіледі. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Жезқазған қаласы, Қарқаралы ауданы және Шет ауданының Жарық кентінде карантин енгізілмек.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйым қызметкерлерінің 70%-і қашықтан жұмыс істейді. Қоғамдық және сауда нысандарының жұмыс уақыты да шектеледі.