17 шілдеден бастап 42500 теңгеге қатысты өтініш қабылданады

17 шілдеден бастап 42500 теңгеге қатысты өтініш қабылданады. Жұма күні порталдар іске қосылады. Әлеуметтің әлсіз тобына жататын 1 миллионнан астам адамға ақшалай көмек көрсетіліп, тегін азық-түлік таратылады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды деп хабарлайды «Хабар 24».

42 500 теңге жалдамалы жұмысшыларға, жеке кәсіпкерлерге және өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға беріледі. Дегенмен, бұл жолы бірқатар өзгеріc бар. Мәселен, жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті олардың жұмыс берушілері жазады. Әрі олардан зейнетақы және әлеуметтік жарна талап етілмейді. Жеке кәсіпкерлер де ешқандай жарна төлеуге міндеттелмейді.

Өтінішті алдындағыдай бере алады. Шектеуге байланысты аудан, қаладағы штаттар, «Атамекен» өкілдері сол кә белгілеп сіпкердің аудандағы жұмысы тоқтады ма, жоқ па, соны тиісті жүйеге кіріп, береді. Ал өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар өтініш жазса жеткілікті. Олар үшін арнайы телеграмм боттар жұмыс істейді. Жалпы қазақстандықтар өз өтінішін 42500 Enbek.kz және eGov порталдарына жолдай алады.