Қазақстанда тағы 2080 адамның коронавирус тесті оң шықты. Сейсенбі күні Алматыда – 620, Нұр-Сұлтанда – 372 науқас тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5 сәуірде 116 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Дүйсенбі күні 31 адам өлімі тіркелген. 27 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.