Алексей Цой әзірге вакцина салдырмайды

Алексей Цой әзірге екпе салдырмайды. Отандық вакцинаны күтеді. Елордадағы емхана жұмысын тексеруге келген министр осылай деді. Айтуынша, «QazVac» қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін. Осы ретте ведомство басшысы Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндіріліп жатқан ресейлік «Спутник V» вакцинасын отандық өнім деп, айды аспанға бірақ шығарды. Сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өНімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады деді. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады.