«27 жастан асқан азаматтарды әскерге шақырып жатыр» деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бұған Қорғаныс министрлігі жауап берді.
Ведомствоның мәліметінше, бұл ақпарат контекстен жұлынып, дұрыс түсіндірілмеген. Заңға сәйкес, әскерге тек запастағы әскери міндеттілер шақырылады. Мұндай жиындар жыл сайын жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын сақтау мақсатында өткізіледі.
27 жасқа толып, мерзімді әскери қызметтен өтпеген азаматтар автоматты түрде қайта даярлауға жіберілмейді. Сонымен қатар азаматтар әскери-техникалық мектептерде ақылы негізде ерікті түрде 40 күндік даярлықтан өте алады. Оқу аяқталған соң әскери-есептік мамандық беріледі.
