Елімізде бірнеше пәтері бар азаматтарға салықты көтеру ұсынылды

Елімізде бірнеше пәтері бар азаматтарға салықты көтеру ұсынылды. Бұл тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуін тежеуі мүмкін.

«Отбасы» банк төрайымы Ләззат Ибрагимова осылай деді. Сарапшылардың пікірінше, әрбір мәмілені жеке қарастыру қажет, себебі пәтерлер жалға беріліп немесе болашақта балаларға қалдырылуы мүмкін.

Жаңа Салық кодексінде жалпы құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелеріне қосымша салық қарастырылған. Сонымен қатар, екі жылдан аз уақыт иелікте болған пәтерді сатқан жағдайда табыс салығы төленеді.