30 тамыз Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы уақытша тоқтатылады

30 тамыз Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы уақытша тоқтатылады. Қазақстан Конституцияның 25 жылдығына орай осындай шешім қабылданған. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады. Ал 31 тамыз, дүйсенбіден бастап қала және қала маңындағы маршруттардың жұмысы қайта жанданады.

Қоғамдық көліктер қазіргі кезде сағат 23.00-ге дейін жүреді. Қоса кетсек, 1995 жылы 30 тамызда азаматтар референдумда негізгі заң жобасына дауыс берген. Мемлекеттік мереке, Конституция күні жексенбіге сай келгендіктен, демалыс күні 31 тамыз, дүйсенбіге ауыстырылады.