500 теңгелік банкнот айналымнан шықты

Бұл 2006 жылғы үлгідегі номинал деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екінші деңгейдегі банктер 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды. Ұлттық Банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдап, оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.

Бүгіннен бастап 2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып есептелмейді. Енді 2017 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар айналыста болады.