«7-20-25» операторы алаяқтардың жаңа түрінен сақ болуға шақырды

«7-20-25» бағдарламасының операторы қазақстандықтарға жаңа алаяқтардан сақ болуға шақырды. Себебі белгісіз біреулер “Қазақстанның орнықтылық қоры” атынан адамдарға жалған кепілдік хаттар мен анықтамалар ұсынып, ақша сұраған. Алайда ұйым ипотекалық бағдарламаның операторы болып, тек екінші деңгейлі банктер ғана жұмыс істейтінін еске салады.