700 мың қазақстандық 42 500 теңге көлеміндегі төлемді проактив тағайындау үшін SMS-хабарлама алды
“Төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті”, – деп хабарлайды Tengrinews.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға, олардың қызметі осы жылдың шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растау үшін SMS-хабарлама жіберілетінін айтты.
Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов төлемдерді тағайындау үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 17 шілдесінде басталатынын хабарлады. Порталдар мен telegram боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады.