Сібірдегі орман өрттерін ауыздықтау қолдан келмей отыр

Сібірдегі орман өрттерін ауыздықтау қолдан келмей отыр

Саха республикасында 106 өрт ошағы тіркелген деп хабарлайды «Хабар 24». Тілсіз жаумен жергілікті және көрші аймақтардан көмекке келген 800-ден аса өрт сөндіруші арпалысып жатыр. Өртенген орманның түтіні қалаларға да жетті. 400 шақырым қашықтықтағы Якутскты қою түтін тұмшалап отыр.

Қала тұрғындары осының салдарынан тыныс алу жүйесінің аурулары асқынады деген қауіпте. Орман өртінің өршуіне аптап себеп болып тұр. Биыл Сібір мен Қиыр Шығыс аймағында бұрын-соңды болмаған ыстық ауа райы орнаған. Тіпті Солтүстік полюске жақын өңірдің өзінде ауа температурасы 38 градусқа дейін ысыды. Осындай жағдайда қурап қалған шөп пен бұтақтардың өртенуіне бір-ақ ұшқын жеткілікті.