Ақтау тұрғындары желіде тараған он шақты зират кадрларын талқыға салып жатыр

Ақтау тұрғындары желіде тараған он шақты зират кадрларын талқыға салып жатыр.
Ал жерлеу қызметтерін ұсынатын жергілікті агенттік өкілдері соңғы екі аптада жерлеу саны күрт өскенін айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресми деректерге сәйкес, жалпы Маңғыстау облысында коронавирустан 12 адам қайтыс болған. Жерлеу қызметтерін ұсынатын агенттік өкілдері бұрындары жерлеу рәсімінің саны 7- ден аспағанын айтады. Ал қазір күнде 40-50 адам жерленеді екен. Осындай қызмет ұсынатын компаниялардың бірінің директоры Наталья Серова тілшілерге жерлеу рәсімінің күрт көбеюі бір жарым апта бұрын байқалғанын жеткізді.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1707 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 66 895-ке жетіп отыр.