96 мың жүргізушіге көлік салығы қайта есептеледі

Бұл туралы қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев айтты. Мұндай норма Мәжілісте талқыланып жатқан Салық кодексіне енгізілген өзгерістер аясында қарастырылып отыр. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, халық арасында газель аталып кеткен автокөліктерге салынатын көлік салығы қазіргідей қозғалтқыш көлеміне емес, жүк көтергіштігіне байланысты белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленеді. Ол осы жылдың 1 қаңтарынан қайта есептеледі. Қаржы вице-министрінің айтуынша, көлік иелері үшін көлік салығы азаяды. Мәселен, қозғалтқыш көлемі 3,5 мың текше сантиметр көлік үшін салық 136 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілді.